jitsu gif
Қаржы

    "60 пайызға өседі": Тоқаев биыл әскери саладағы қандай мамандардың жалақысы көтерілетінін айтты

    әскери шеру
    Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад. Астана/2014 жылғы 7 мамыр. Фото: aqorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілармиялық кеңес отырысында әскери саладағы кей мамандардың жалақысы көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

    "Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өседі. Осы саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы да көбейеді. Келесі жылы әскери атақ үшін төленетін айлық ақы 30 пайызға артады.

    Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралуда. Сержанттарды, офицерлерді әлеуметтік қолдау жұмысы жалғасады. Олар тұрмысына алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек", - дейді президент.

    Еске салсақ, бұған дейін Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Қамалетдинов сенат кулуарында әскери саладағы кейбір қызметкерлердің жалақысы өсетінін айтқан болатын.

    "60 пайызға өседі": Тоқаев биыл әскери саладағы қандай мамандардың жалақысы көтерілетінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.