jitsu gif
Қаржы

    Қазақстандықтар бір жылда маникюр мен педикюрге 22 миллиард теңге жұмсаған

    Маникюр жасалған сәт
    Маникюр. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанның сұлулық индустриясы өткен жылы 89,9 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    2022 жылы косметологтар мен сұлулық салондары көрсеткен қызмет көлемі жалпы сомасы 89,9 млрд теңгені құрады.

    Мәселен, өткен жылы әйелдерге көрсетілген шаштараз қызметінің көлемі 28,5 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,1 есе көп.

    Ал ерлер шаштараздарының көрсеткен қызметінің жалпы сомасы 10,6 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,2 млрд теңгеге артық.

    Маникюр мен педикюрді қоса алғанда көрсетілген косметикалық қызмет көлемі өткен жылы 22,2 млрд теңгені құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 10,4 млрд теңге болған.

    Сұлулық салондарындағы өзге де қызметтер көлемі 28,4 млрд теңгені құрады. (2021ж. – 11,2 млрд теңге).

    Айта кетейік, 2023 жылдың маусымында шаштараз бен сұлулық салондарындағы қызмет бағасы өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 15,1% өсті.

    Қазақстандықтар бір жылда маникюр мен педикюрге 22 миллиард теңге жұмсаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.