jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге көтеріледі

    Ақша
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

    2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге көтеріледі. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Біз бұған дейін уәде бергеніміздей, үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре береді. Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мемлекет басшысы бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізетінін атап өтті.

    "Жалпы, еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуі керек.

    Жаңа экономикалық саясаттың қағидалары мен басымдықтарын нақты айқындаумен қатар, алдағы реформаларды сапалы әрі толық жүзеге асыру өте маңызды. Оның табысты болуы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігіне, жауапкершілігіне және саяси ерік-жігеріне тікелей байланысты", - дейді президент.

    Елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге көтеріледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.