jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Бала күтімін 1,5 жылға дейін ұзарту үшін бюджеттен 93 млрд теңге бөлінеді

    Сайлау күні елімізде қанша нәресте дүниеге келді
    Сайлау күні елімізде қанша нәресте дүниеге келді: pixabay.com

    Елімізде ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері бекітілді. Келер жылдан бастап айлықтың ең азы 85 мың теңге болады. Ал бала күтімін 1,5 жылға дейін ұзарту үшін бюджеттен 93 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Астана арнасы.

    Экономист Сапарбай Жобаевтың айтуынша, жаңа жылда бюджет әлеуметтік жобаларға көп бөлінген.

    "Бюджетіміз 2023 жылы 22 трлн теңге болса, 2024 жылда осы деңгейде қалайын деп тұр. Бірақ басқа үлкен жобаларды сәл кейінге қалдырып, әлеуметтік жағына көп көңіл бөлінді.

    Ең бірінші, бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік жобалар, әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы көп балалыларға жәрдем, мұқтаж осал жандарға жәрдемді 10 пайызға көтеруді осы бюджетте қостық. Индекстелген зейнетақы мен жәрдемақы төлемдеріне 5,4 трлн теңге қарастырылған.

    Отбасыларды қолдау үшін бала күтімі мерзімі 1 жарым жылға дейін ұзартылды. Бұл үшін келесі жылға 93 млрд теңге жоспарланған", - деді экономист Сапарбай Жобаев.

    Бала күтімін 1,5 жылға дейін ұзарту үшін бюджеттен 93 млрд теңге бөлінеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.