jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Ең төменгі жалақы өседі: бұл қанша қазақстандыққа әсер ететіні белгілі болды

    Ақша санап отырған әйел
    Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстанда 2024 жылдан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге тең болады. Еңбек министрлігінің есептеуіне қарағанда, жалақының өсуі еліміздің 1,8 миллионға жуық қызметкеріне әсер етеді. KAZ.NUR.KZ тілшісі толығырақ баяндайды.

    2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін ұлғайтылады. Осылайша, қазақстандық жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің жалақысын ұлғайтуға міндеттелді.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерінің айтуынша, ЕТЖ ұлғаюының арқасында экономиканың түрлі саласында жұмыс істейтін 1,8 миллиондай адам, оның ішінде бюджеттен қаржыланатын органдардың 350 мың жұмысшысы ақшалай кіріске ие болады.

    Ең төменгі жалақының өсуі, ең алдымен, төменгі жалақы алатын қызметкерлерге қатысты болса да, бұл басқа да кейбір азаматтарға әсер ететінін ескеру керек. Мысалы, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер маманның кәсіби білік жүйесін ескере отырып, олардың жалақысын қайта қарауы мүмкін.

    Еске салайық, Қазақстанда ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесі әзірленіп жатыр. Оны елдегі орташа жалақыға байланыстыру жоспарланған.

    Ең төменгі жалақы өседі: бұл қанша қазақстандыққа әсер ететіні белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.