jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанның бірнеше қаласында жаңа әуежайлар салынады

    Әуежай
    Әуежай. Көрнекі сурет: Yorgos Karahalis/Bloomberg via Getty Images

    Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанның бірқатар қаласында әуежайлар салу және оларды реконструкциялау мәселесін қарастыруды тапсырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Көлік министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, 24 қаңтарда көлік министрі Марат Қарабаев елімізде шағын авиацияны дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

    Жиналысқа Абай, Ұлытау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстары әкімдіктерінің, "Жетісу" және "Южное небо" әуекомпанияларының, сондай-ақ Үшарал, Үржар және Зайсан әуежайларының өкілдері қатысты.

    Кеңес барысында шағын авиацияны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

    Кеңес қорытындысы бойынша Көлік министрлігінің басшысы Үржар, Үшарал, Зайсан, Катонқарағай, Қарқаралы, Ұлытау және Арқалық қалаларында әуежайлардың құрылысы және оларды реконструкциялау мәселелерін қарауды, сондай-ақ шағын авиацияны дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

    Қазақстанның бірнеше қаласында жаңа әуежайлар салынады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.