jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    "Таксилетуге мәжбүр": Қорғаныс министрлігі Қазақстандағы әскерилердің жалақысына қатысты сынға жауап берді

    Жүгіріп келе жатқан әскерилер
    Әскерилер. Көрнекі фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

    Мәжіліс кулуарында қорғаныс вице-министрі Сұлтан Камалетдинов депутаттардың "әскерилер жалақының аздығынан таксилетуге мәжбүр" деген сынына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Депутат Константин Авершин бүгінде атқыштардың негізгі жалақысы 98 мың теңге екенін айтты.

    "Әскери қызметшілер отбасын асырау үшін таксилетуге мәжбүр. Әріптестерім негізінен жағдай қиындау екеніне келіседі және жағдайды қалай өзгертуге болатыны жөнінде нақты жауап естіген жоқпын", - деді мәжілісмен.

    Кейін журналистер қорғаныс вице-министрі Сұлтан Камалетдиновтен "Бұл үкімет пен ведомство үшін ұят жағдай ма?" деп сұрады.

    "Мен бұл туралы ештеңе айта алмаймын, өйткені Қорғаныс министрлігі үкімет пен заңдар белгілеген қаражат аясында бөледі. (…) Айта кету керек, ұят жағдай ретінде бұл шынымен проблема, бұл тек министрлікке, үкіметке ғана қатысты емес, бұл біздің жалпыұлттық мәселеміз, оны бірлесіп шешуіміз керек", - деді Сұлтан Камалетдинов.

    Айта кетейік, бүгін мәжілісте қорғаныс вице-министрі заттай мүлікті сатып алуға қаражат жеткіліксіз бөлінгенін айтып, әскери қызметшіні киім-кешекпен толық қамтамасыз ету үшін 62,7 млрд теңге қаражат бөлуді сұрағанын жазған едік.

    "Таксилетуге мәжбүр": Қорғаныс министрлігі Қазақстандағы әскерилердің жалақысына қатысты сынға жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.