jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "9 мың теңге ғана қосылды": депутат орманшылардың әлі де аз жалақы алатынын айтты

    Орман өртін сөндіріп жатқан өрт сөндіруші.
    Орман өртін сөндіріп жатқан өрт сөндіруші. Көрнекі фото: t.me/qr_tjm

    Орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес тақырыбына арналған үкімет сағатында мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев орманшылардың жалақысына 9 мың теңге ғана қосылғанын айтты. Депутат осыған байланысты сұрағын экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ

    Депутат Нартай Аралбайұлы орман шарушылығындағы жұмысшылардың жалақысы 80 мың теңгеге жетпейтінін айтты.

    "Үкімет мүшелерінің орманшыларға айтқан уәдесі өтірік болды. Орманшылармен кездескен соң депуттаттық сауал жолдадым. 100 пайыз жалақысы көтерілген орман шарушалығындағы басшылар, директорлап, орынбасарлар, инженерлер, инспекторлар екені анықталды.

    Былтыр орман шарушылығындағы өрт сөндірушілер 64 349 теңге алып жүрді. Бүгін олардан 1 қаңтардан бастап қанша қосылды деп сұрасам, 9 мың теңге қосылды дейді. "80 мың теңгеге жетпейтін ақша аламыз" деп отыр. 2025 жылы жалақы көтерілгенннің өзінде 164808 теңге болады екен. Оның пайызын алып тастағанда 140-135 мыңның шамасында болады. Бұл- орманшылардың жұмысын бағаламау. Оларға немқұрайлы қарау", - деді депутат.

    Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бұл мәселе тағы да қаралатынын жеткізді.

    "Осы жолы жасап жатқан есеп бойынша, штатта жоқ өрт станциясындағы жұмыскерлердің жалақысын 10 пайыз көтеруді есеп дайындап жатырмыз. Еңбек министрлігімен келісіп, тағы нақтылаймыз. Ақпанның аяғы мен наурызда нақты белгілі болады. Олар нақты 60 мың теңге алмайды. Тағы қосылатыны бар, 100 мыңның үстінде алады. Окладтың көлемі 60 мың теңге. Сендерге қосылам, екі есе емес, үш есе қосақ та қарсы емеспіз", - деп жауап берді министр.

    "9 мың теңге ғана қосылды": депутат орманшылардың әлі де аз жалақы алатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.