jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Қаржы министрі Қазақстанның мемлекеттік қарызының көлемін жариялады

    Ақша
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қаржы министрі Мәди Такиев министрлер кабинетінде өткен брифингте Қазақстанның мемлекеттік қарызының көлемін жариялады. Ол қазіргі таңда мемлекет қарызының көлемі қауіпсіз шектен аспайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Журналистер Қаржы министрлігінің басшысынан Қазақстанның мемлекеттік қарызының көлемін сұрады.

    "2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 триллион теңгені немесе ішкі жалпы өнімнің 22,8 пайызын құрайды. Бізде 33 пайыздық шек бар. Бұл қауіпсіз деп саналады", - деді Қаржы министрі Мәди Тәкиев.

    Еске сала кетсек, бір жыл бұрын Қаржы министрлігі 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 25,3 трлн теңгені немесе ішкі жалпы өнімнің 24,9 пайызын құрағанын мәлімдеген болатын. Оның ішінде мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімнің 21,7 пайызын немесе 22 трлн теңгені құраған.

    2023 жылдың аяғында депутат Ерлан Саиров Қаржы министрлігінің бұрынғы басшысы Ерұлан Жамаубаевқа Қазақстанның мемлекеттік қарызының көлемі туралы айтып, елде қаржылық мәселелер туындауы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

    Сонда Қаржы министрлігі мемлекеттік қарыз мәселесі мемлекеттің ерекше бақылауында деп жауап берген болатын.

    Осы ретте, сол жылдың басында сенатор Шәкәрім Бұқтығұтов 2050 жылға қарай мемлекеттік қарыздың жалпы ішкі өнімнің 45 пайызына дейін өсу қаупі барын атап көрсетті. Бұған Қаржы министрлігінің бұрынғы басшысы әлемдік инфляцияның жоғары деңгейі мен базалық мөлшерлеменің салдарынан мемлекеттік қарыз өсіп жатыр деп жауап берген еді.

    Қаржы министрі Қазақстанның мемлекеттік қарызының көлемін жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.