jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа лауазымға ие болды

    Айдын Айымбетов
    Айдын Айымбетов. Фото: gharysh.kz

    Ғарышкер Айдын Айымбетов енді "Бәйтерек" қазақ-орыс бірлескен кәсіпорнын басқарады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

    Министрдің айтуынша, Айдын Айымбетов 2024 жылғы 1 наурызда "Бәйтерек" бірлескен Қазақстан-Ресей кәсіпорны" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен "Бәйтерек" БК" АҚ басқарма төрағасы болып сайланған.

    "Айдын Ақанұлын қызметке тағайындалуымен құттықтағым келеді. Сіз ғарыш индустриясы үшін және жалпы салаға көп еңбек сіңірдіңіз. Сіз тоғыз жылға жуық еңбек етіп келе жатқан "Қазақстан ғарыш сапарының" бүкіл ұжымына жаңалықтары үшін алғыс айтқым келеді.

    Бұл — жерді қашықтықтан зондтауды қолдау ғана емес, сонымен қатар цифрландыру мен ғарыштық технологияларды біріктірудің нәтижесі саналатын бірнеше цифрлық платформа.

    Мен ел экономикасына нақты қолдау көрсететін "ЖерИнспектор", "Минералс.кз" және т.б ғарыш мониторингі жобаларын айтып отырмын", - деді Бағдат Мусин Ұлттық ғарыш орталығында өткен РҒБО-ның 20 жылдығына арналған салтанатты жиында.

    Сондай-ақ Бағдат Мусин "Бәйтерек" бірлескен жобасын жүзеге асырудан үлкен үміт күтетінін айтты. 

    "Сіздің жұмыс тәжірибеңізді ескере отырып, екі жыл ішінде сіздің басшылығыңызбен бұл жұмысты аяқтап, қазақстандық "Бәйтерек" зымырантасығыш кешенінен алғашқы ұшырылымды тойлаймыз деп үміттенеміз", - деді ол. 

    Айта кетелік, Айдын Айымбетов ғарышқа ұшқаннан кейін үш ай өткен соң, 2016 жылдың 5 қаңтарында "Қазақстан ғарыш сапары" ҰК" АҚ ғарыш жүйелерін құру және пайдалану жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды. 2021 жылдың 13 қыркүйегінен бастап "Қазақстан ғарыш сапары" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болды.

    Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа лауазымға ие болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.