jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда алтын бағасы қандай рекордқа жетті

    Алтын мен ақша
    Алтын мен ақша. Көрнекі фото: pixabay.com

    10 сәуірде алтынның бағасы тағы бір рекордты жаңартып, бір грамы 34 мың теңгеге жетті. Қазір асыл металдың бағасы түсіп жатыр. Оның қаншаға арзандағанын KAZ.NUR.KZ анықтады.

    Алтынның құны экономикалық тұрақсыздық жағдайында өсіп келеді. Жақында біз Қазақстандағы алтын бағасының тарихи рекордты жаңартқаны туралы айттық – 9 сәуірде ол бір грамм үшін 33 505,60 теңгені құрады.

    Алайда асыл металдың бағасы мұнымен тоқтап қалмады. ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 10 сәуірде бір грамм 33 911,46 теңге болды. Яғни алдыңғы рекорд келесі күні-ақ жаңарды.

    Дегенмен әрі қарай бұл үрдіс сақталмады: 11 сәуірде баға құлдырай бастады. Алтын алдымен грамына 33 738,80 теңгеге, кейінірек 33 616,18 теңгеге дейін арзандады. Бірақ қазіргі уақытта алтын бұрынғы рекордтық құннан жоғары.

    Алдағы уақытта алтын бағасы өсе ме, оны айту қиын. Алайда қазіргі кезде әлемде бағалы металдар нарығында да қарқын бар, және Investing.com платформасының мәліметінше, алтын қазір бір Трой унциясы (31,1 грамм) 2,415 доллардан сатылуда, бұл да рекордтық көрсеткіш.

    Қазақстанда алтын бағасы қандай рекордқа жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.