jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда алтынның бағасы тарихи рекордты жаңартты

    Алтын
    Алтын. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Соңғы бір жылда Қазақстанда алтын 19,23 пайызға қымбаттаған еді, қазір 1 грамы 34 547 теңге болып, рекордтық бағаға жетті. Бағаның мән-жайын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

    Жақында Қазақстандағы алтын бағасы тарихи рекордты жаңартты. Алайда ол ұзақ әрекет етпеді. Ұлттық банктің мәліметінше, 18 сәуірде бағалы металдың рекордтық бағасы жаңартылды: ресми бағам бойынша алтынның бір граммы қазір 34 546,96 теңге тұрады. Бір күнде оның бағасы 363,29 теңгеге қымбаттады.

    Егер жыл сайынғы бағаның өсуін қарастыратын болсақ, алтынның қазіргі бағасы 2023 жылғы 18 сәуірде тіркелген бағадан 19,23 пайызға жоғары екені көрінеді. Ол кезде бір грамм асыл металдың құны небәрі 28 974,72 теңге болды.

    1 грамм алтынның құны
    1 грамм алтынның құны. Дереккөз: ҚР Ұлттық Банкі

    Алтын бағасының көтерілу себептері әлемде болып жатқан оқиғаларға байланысты. Атап айтқанда, сарапшылар соңғы кезде Таяу Шығыстағы жағдайдың нашарлауымен және Иранның Израильге жасаған зымыран шабуылымен байланыстырады.

    Алтын, әдетте, тұрақты құнын сақтайтын ұзақ мерзімді инвестициялық құрал. Дегенмен саяси немесе экономикалық белгісіздік жағдайында, валюталардың әлсіреу қаупі бар кезде, оған сұраныс және баға да артады.

    Қазақстанда алтынның бағасы тарихи рекордты жаңартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.