jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда темекі қымбаттаса да, сұраныс артып, миллиардтап сатылып жатыр

    Темекі
    Темекіден бас тарту. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Соңғы бір жылда Қазақстанда темекінің бағасы бірден 18 пайызға артты. Алайда бұл тауардың елдегі сатылымы 80 пайызға өсті. Баға мен сұраныс туралы толық ақпаратты KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

    Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы бар, олар тұрақты түрде көтеріліп отырады. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап сатушылардың бір қорап темекіні 770 теңгеден төмен сатуға құқығы жоқ.

    Дегенмен елімізде баға ең төменгі құнның өсуінен ғана емес, нарықтық себептермен де өсіп жатқанын айта кеткен жөн. Мәселен, EnergyProm порталының мәліметінше, наурыз айында темекі бағасы айына 0,5 пайызға өскен. Бір ай бұрын баға өсімі 1 пайызды, ал қаңтарда 3 пайызды құрады.

    Ал бір жыл ішінде темекі әлдеқайда қымбаттап, бірден 18 пайызға артты. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын өсім тек 16,1 пайызды құраған болатын.

    Темекі өнімдері қатты қымбаттаған өңір – Батыс Қазақстан облысы. Мұнда 23,9 пайызға өскен. Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы – 20,6 пайыз және 19,7 пайыз. Астанада баға 16,2 пайызға, ал Шымкентте 18,5 пайызға өсті. Ең төмен баға Жамбыл облысында тіркелді – 14,2 пайыз.

    Бір қызығы, бағаның қатты өскеніне қарамастан, Қазақстанда темекі өнімдеріне сұраныс, керісінше, артып келеді. Мәселен, 2024 жылдың алғашқы екі айында елдің ішкі нарығында 3,9 миллиард темекі сатылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен бірден 80 пайызға көп.

    Айта кетейік, сәуір айында "бір реттік" деп аталатын электронды темекі шегу құралдарын сатуға тыйым салатын заңға қол қойылған болатын. Бұл тыйымға байланысты алдағы уақытта елімізде темекіге деген сұраныс артуы мүмкін.

    Қазақстанда темекі қымбаттаса да, сұраныс артып, миллиардтап сатылып жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.