jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Министр су тасқынынан бүлінген жолдарды жөндеуге қанша қаражат қажет екенін айтты

    Министр Марат Қарабаев үкімет отырысында
    Министр Марат Қарабаев үкімет отырысында. Фото: primeminister.kz

    Көлік министрі Марат Қарабаев Мәжіліс кулуарында су тасқыны салдарынан бүлінген жолдарды жөндеуге қанша қаражат кететінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ол су тасқынынан бүлінген жолдарды жөндеуге 28,5 млрд теңге қажет екенін мәлімдеді.

    "Су тасқыны кезінде бүлінген жолдардың саны – 11 учаске, жалпы ұзындығы – 33 шақырым. Бұл әртүрлі учаске. Республикалық жолдарды қалпына келтіруге шамамен 8,5 млрд теңге қажет.

    Жергілікті жолдар бойынша 275 учаске бар, жөндеу жұмыстарына қосымша 20 млрд теңгеден астам қаражат керек. Әр учаскідегі диагностикалық жұмыстар жеке жасалады. Нақты қаржы мөлшері қосымша хабарланады", - деді министр.

    Министр су тасқынынан бүлінген жолдарды жөндеуге қанша қаражат қажет екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.