jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Экономист: Инфляция жоғары болуын күту – қателік

    Фото
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Инфляцияны қалай баяулатуға болады? Ол үшін Ұлттық Банктің іс-әрекетіне және инфляцияны бақылау қабілетіне сену керек. Реттеуші банкке сенім арту елдің ақша – кредит саясатын оңтайлы жүргізуде шешуші рөл атқарады. Пікір иесі – экономист Эльдар Шамсутдинов. Ол өз пайымын телеграмдағы "Комментарий" арнасында жариялады. Сарапшы бас банкке сенім арту керек деген байламын бірнеше мысалмен түсіндірген.

    Бірінші назар аударатын мәселе – болжам жасау. Экономистер Ұлттық банктың алға қойған мақсаттарын негізгеалып, бас банктің инфляцияны бақылау қабілетін бағалайды. Егер экономистер алдағы уақытта бағаның тұрақты боларын топшыласа, бұл инфляциялық шуды және нарықтағы алыпсатарлық әрекеттердің ықтималдығын төмендетеді. Яғни нарықтағы дүрбелеңді тежейді. Сәйкесінше олжанама түрде бағаның құбылуына да, ұлттық валюта бағамына да әсер етеді.

    Экономистер пікірінің инфляциямен күресте үлкен ықпалы бар және маңызды факторлардың бірі екенін осыдан аңғарсақ болады. Сондықтан Ұлттық банкке түрлі экономикалық ұйымдар мен субъектілердің, сарапшылар қауымдастығының сеніміне ие болу керек.

    Бағамдасақ, инфляцияның үдеуінеэкономикалық агенттердің, яғни, тұтас халықтың теріс пікірі жеткілікті. Себебі тұрақты баға өсуімен қатар инфляциялық күтулер жоғары болып тұрады. Болжам мен нақты инфляция арасындағы алшақтықтың жиі кездесетіні де содан. Бірақ соған қарамастан халық позитивті көзқараста қала береді. Оған тұрғын үй бағасының төмендеуі, пәтер жалдау құнының арзандауы, автокөліктерге бағытталған жеңілдіктер мен акциялардың әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайды пайдаланып, инфляция жоғары болуы мүмкін деген күмәнді сейілтіп, экономиканы тұрақтандыруға болады.

    Қорыта айтсақ, халық, квазимемлекеттік сектор, сарапшылар инфляция жоғары болады деп күтпесе, Ұлттық банкке сенсе, нарықта абыр-сабыр болмайды. Бағаның құбылуымен бас пайдасын іске асыруды көздейтіндердің құйтырқы әрекеттері де қысқарады.

    Экономист: Инфляция жоғары болуын күту – қателік

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.