jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Үкімет әлеуметтік азық-түлік бағасы айтарлықтай төмендегенін мәлімдеді

    Әйел чек қарап тұр
    Азық-түлік. Көрнекі фото: sergeyryzhov/Getty Images

    Елімізде әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасы төртінші апта қатарынан төмендеп келеді. Бұл туралы 22 маусымда вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында белгілі болды, деп хабарлайды премьер-министрдің сайты.

    Жарияланған ақпаратқа сенсек, елімізде 10 тауар тобының бағасы төмендеуді жалғастырып жатыр. Мәселен:

    • қарақұмық жармасы – 0,9%,
    • күнбағыс майы – 0,5%,
    • қырыққабат – 0,4%, сиыр еті,
    • тұз және қант – 0,3%,
    • күріш – 0,2%, макарон,
    • сүзбе және ұн – 0,1 пайызға арзандаған.

    Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, баға 8 облыста төмендеген, оның ішінде Ұлытау, Ақтөбе және Атырау облыстарында айтарлықтай арзандапты. Жалпы бір апта ішінде әлеуметтік азық-түлік бағасының орташа индексінің төмендеуі 0,1% пайыз болған. Бұл көрсеткіш төртінші апта қатарынан тіркеліп отыр. Бір айда динамика 0,3 пайызды көрсетті.

    Жиын барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков өңірлерде ерте өнім жинау келісімшартының барысын айтты. Үш мегаполис, яғни, Астана, Алматы, Шымкент маусымаралық кезеңде көкөністерді тұрақты бағамен жеткізу үшін елдің жеті өңірінен ауыл шаруашылығы өндірушілерімен тікелей келісімшарттар жасай бастады.

    "Астана қазірдің өзінде 15 мың тонна көкөніске: картоп, пияз, қырыққабат, сәбізге форвардтық келісімшарттар жасасты. Шымкент – 7,5 мың тоннаға, Алматы – 16 мың тоннаға. Жеткізу маусым-шілде, қыркүйек-сәуір аралығына жоспарланған. Сондай-ақ күзгі өнімді жеткізуге қосымша форвардтық шарттар жасалады", - деп мәлімет берді вице-министр.

    Сондай-ақ Ербол Тасжүреков өңірлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында белгіленген қаржыландыру мерзімі мен шарттарын, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландырудың 70 пайыз бағыты бойынша талаптарды сақтау қажеттігін атап өтті.

    Үкімет әлеуметтік азық-түлік бағасы айтарлықтай төмендегенін мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.