jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    "Ең төмен айлық 140 мың теңгеден асты": Шымкентте бюджет қызметкерлерінің жалақысы өсті

    Табысты есептеу
    Ақша санап отырған әйел. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Шымкентте 15 мың бюджет қызметкерінің жалақысына үстемақы қосылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қаласының әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қала әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, Шымкент қаласының экономикалық көрсеткіштерімен қатар жергілікті бюджеттің көлемі де жылдан жылға артып келеді. Бүгінгі таңда бюджет көлемі 764 млрд теңге болып, соңғы 6 жылда 5,2 есеге өсті.

    Осыған орай өткен жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердегі 15 мыңға жуық қызметшінің жалақысына қосымша 22 000 теңге ынталандыру үстемақысы тағайындалған.

    "Биыл 1 сәуірден бастап қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы аясында үстемақы 50 мың теңгеге дейін көтерілді. Нәтижесінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердегі ең төменгі жалақы көлемі 140 000 теңгеден асты", - дейді қалалық әкімдік өкілдері.

    Қала әкімдігінің өкілдері халықтың тұрмысын жақсарту бағытындағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сендіреді. Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде мұндай игілікті бастамалар қала кәсіпкерлері тарапынан да қолдау тауып, бірқатар жеке сектордағы жалақы көрсеткіші де артқан.

    "Ең төмен айлық 140 мың теңгеден асты": Шымкентте бюджет қызметкерлерінің жалақысы өсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.