jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Астанада көмірді қай жерден сатып алуға болады

    Көмір
    Көмір. Көрнекі фото: Pexels

    Әкімдік өкілдері Астанада қала тұрғындары үшін көмір сататын 14 орын барын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомсвто мәліметінше, көмір сататын орындар тиісті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен толық жабдықталған. Бұл орындарда 9 сатушы компания қызмет етеді.

    Олар мына мекенжайларда орналасқан:

    • Герцен көшесі 4/1, Герцен 6/2,
    • Көктал 28/1, Мақат 40,
    • Жамбыл Жабайұлы 76,
    • Ахмет Жұбанов 35,
    • Дулатов 182/1, 85 (ЖЭО ауданы-3),
    • 70-өткел, 9А көшесі,
    • Герцен 6б,
    • Қарағанды тас жолы («Магнум» супермаркетінің арт жағы).

    Қазіргі уақытта Астанада көмірдің орташа бағасы төмендегідей:

    Шұбаркөл – тоннасына 16 400 тг;

    Қаражыра – тоннасына 17 400 тг;

    Майкөбе – тоннасына 13 500 тг.

    "Қалада "109" нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді, онда көмірдің сату орындарында болуы, бағасы туралы қажетті ақпарат беріледі", - деді әкімдіктегілер.

    Айта кетейік, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов өңірлердегі көмір бағасы туралы айтқан еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.