jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    "Еліміздегі тұңғыш кәсіпорын": Түркістан облысында енді дрон шығарылады

    Дрон
    Дрон. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қытайлық компания Түркістан өңірінде дрон шығаратын кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр. Облыс әкімінің орынбасары қытайлық кәсіпкерлермен кездесіп, бұл бастаманы кеңінен талқылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Инвесторлар дрон шығаратын кәсіпорын үш кезеңнен тұратынын, алғашқы кезеңінде 150 миллион доллар, екінші кезеңінде 400 миллион доллар инвестиция салатынын айтты. Бірінші кезеңнің өзінде жергілікті 100-ден аса адам және екінші кезеңде 2 000-нан аса адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Ал үшінші кезең алғашқы екі кезең аяқталған соң, іске аспақ.

    "Аспан асты елінен келген кәсіпкерлер кәсіпорынның алғашқы кезеңін жыл соңынан дейін аяқтайтынын айтты. Оларға Сауран ауданындағы дайын өндірістік парктен 6 га аумақты құрайтын ғимарат жалға беріледі", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

    Айта кетейік, еліміздегі аспанда ұшатын құрылғы шығаратын алғашқы кәсіпорын Түркістан облысында ашылады. Алдағы уақытта сапалы әрі қолжетімді құрылғылар "Made in Kazakhstan"маркасымен шетелдерге экспортқа шығарылады деп жоспарланып отыр.

    "Еліміздегі тұңғыш кәсіпорын": Түркістан облысында енді дрон шығарылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.