jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Мәжіліс депутаты Қазақстанның қорғаныс саласына бөлінетін қаржысына шүйлікті

    Әскери оқу-жаттығу
    Әскери оқу-жаттығу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бүгін парламент мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапи үш жылдық бюджет жобасын таныстыру барысында Қазақстанның қорғаныс саласына жұмсайтын шығынын сынға алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Бюджет жобасында тапшылық барын көріп отырмыз. Бұл былғары сияқты, тартасың, қысқарады, ал жан-жаққа тартсаң, тіпті жыртылып кетуі мүмкін. Алайда тапшылық жағдайында, геосаяси тәуекелдерді ескере отырып, сіз қорғаныс шығындарын көрсеттіңіз Украинада болып жатқан жағдаймен салыстырғанда, бөлінген қаражат өте аз", - деді депутат.

    Осы орайда Бапи жалпы ішкі өнімнің қанша пайызы қорғаныс шығындары екенін сұрады.

    Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы қауіпсіздік блогына жұмсалған жалпы шығын жалпы ішкі өнімнің 10,3 пайызына тең екенін, қорғаныс бойынша 1,8 пайыз екенін айтты.

    Десе де шенеуніктің жауабы депутатты қанағаттандырмады

    "Қорғаныс министрлігі, сіздер қауіпсіздікке жауаптысыздар. 2030 жылы соғыс болады – осындай қауіп бар. Әлемдік сараптамалық пікірлерді есепке алмағанда, мұндай болжамдар тіпті қорғаныс ведомствосында да бар. Мұндай жағдайда жалпы ішкі өнімге 0,44 пайыз – бұл не деген сөз? Бұл есептеулер қайдан шықты? Біз бұл мәселені көтереміз", - деді ол.

    Мәжіліс депутаты Қазақстанның қорғаныс саласына бөлінетін қаржысына шүйлікті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.