jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ұлттық экономика вице-министрі: АЭС-ті бөліп төлеу арқылы салуға болады

    АЭС. Көрнекі фото
    АЭС. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанның ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Қазақстанда АЭС-ті бөліп төлеу арқылы салуға болады деп мәлімдеді. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

    Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов сенат кулуарында журналистердің Қазақстанда АЭС салуға қанша қаражат керек деген сұрағына жауап берді.

    "Қай ел, кім салатыны туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Сондықтан қаржыландыру қалай жүзеге асатыны әлі белгісіз. Бір білетінім, АЭС-ті ақшасын бөліп төлеу арқылы да салуға болады", - деп мәлімдеді Қасенов.

    Ол АЭС құрылысына жауапты компания төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін қамтамасыз ете алатындай жағдай қарастырылып жатқанын айтты.

    "Осы нұсқаны таңдасақ, АЭС-ті қаржыландыратын қаражат керек болмауы да мүмкін. Бірақ біз қазір бұл туралы нақты айта алмаймыз, өйткені құрылыс жүргізетін компания әлі белгісіз болып тұр... Энергия өндірісі бойынша жобалардың бәрінде шығын бар. Бұл шығын қызмет көрсетілетін тариф есебінен болады", - деп толықтырды вице-министр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.