БҚО тұрғындары жанармай тапшылығына шағымданды
Жарияланған күні:

БҚО тұрғындары бензин тапшылығына тап болды – кейбір жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы жанармай жоқ. Аймақ билігі жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды "Мой Город" басылымы.
Аймақта бірнеше аптадан бері автогаз мәселесі байқалып отыр, ал 16 қазанда автокөлік иелері кейбір жанармай құю бекеттерінде бензин жетіспеушілігіне тап болды.
БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бейімбет Мусиннің айтуынша, облыста 131 жанармай бекеті жұмыс істейді, олардың тоғызына АИ-92 жанармайы жоқ – бұл тапшылық Атырау мұнай өңдеу зауытындағы (АМӨЗ) жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты, зауыт 1 қазаннан 25 қазанға дейін жабық.
"Тапшылықтың артуын жоққа шығармаймыз, алда әлі 10 күн (АМӨЗ-дегі жоспарлы жұмыстар). Жанармай құю станциялары жанармайды басқа көздерден алуға тырысып жатыр. Қазіргі уақытта облыстағы АИ-92 жанармай қоры – 3 600 тонна, АИ-95 – шамамен 500 тонна, дизель отыны – 10 672 тонна, 1 қазаннан бастап бүгінге дейін шамамен 2000 тонна газ жеткізілді. Облыс бойынша бензиннің нақты тұтыну мөлшерін есептеу мүмкін емес.
Бұл мөлшері маусымға байланысты, жанармай құю бекеттерінде әрдайым тек біздің облыс тұрғындары ғана жанармай құя бермейді. Алдын ала жанармай қорын жасау мүмкін емес, АМӨЗ белгілі бір мөлшерде мұнай өнімін өндіреді және оны тек біздің облысқа ғана емес, басқа аймақтарға да жеткізеді. Яғни, олар техникалық тұрғыдан жанармайды көп мөлшерде өндіре алмайды. Тіпті, жанармай құю бекеті көбірек бензин сатып алса да, оны сақтайтын орын болмайды", - деп қосты ол.
БҚО-да талон бойынша бензин Қазталов, Шыңғырлау, Қаратөбе және Бәйтерек аудандарында, сондай-ақ Бөкей ордасы ауданында беріледі, онда жеткізумен "Москвичи" ЖШС айналысады, деп түсіндірді Мусин.
Еске сала кетейік, 1 қазаннан бастап Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты – кәсіпорында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды. Зауыт өкілдерінің айтуынша, бұл жоспарлы жұмыстар технологиялық қондырғылардың әрі қарай қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету, жабдықтардың тұрақты жағдайын қолдау және өндіріс тиімділігін арттыру үшін үнемі қажет.
Сондай-ақ реактор жабдығының катализаторларын ауыстыру жоспарланған. Технологиялық жабдықтарды тазалау (бумен тазалау жұмыстары) жабық жүйеде жүргізіледі – атмосфераға зиянды заттардың түсуіне жол бермеу үшін. Жоспарлы алдын алу жұмыстарына 2 мыңнан астам қызметкер және шамамен 70 арнайы техника жұмылдырылады, деп хабарлады АМӨЗ өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2175192-bqo-turgyndary-zhanarmai-tapshylygyna-shagymdandy/