Қаржы

Зектілері

Атырау облысында "Бюджет қаражатын игеруде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шараларын арттыру" семинар-кеңес ұйымдастырылды

Жарияланған күні:

Жиын
Жиын. Фото: Атырау облысы әкімдігі

Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті республикалық бюджетті атқару және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету, мемлекеттік мекемелердің шоттары және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттары бойынша операцияларды жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетіне қарасты республикалық мемлекеттік мекеме. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігі хабарлайды.

Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бастамасы бойынша Атырау облысының әкімдігі өкілдері, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің лауазымды өкілдерімен бірлесе отырып, "Бюджет қаражатын игеруде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу шараларын арттыру" тақырыбында 2024 жылдың 18 қазанында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қатысуымен семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Департаментпен және оның аумақтық қазынашылық басқармаларымен 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 738 мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетіледі, оның ішінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 50 мекемеге, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 530 мекеме, жергілікті өзін-өзі басқару бойынша – 68, сонымен қатар, квазимемлекеттік сектордың 7 субъектісіне және құрылысты қазынашылық сүйемелдеу бойынша 83 шотқа қызмет көрсетіледі. Осы аталған жиынға мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары мен есепшілерінің қатысуы толық қамтылды.

Отырыс сәті
Отырыс сәті. Фото: Атырау облысы әкімдігі

Бірлескен іс-шара барысында бюджеттік заңнамадағы өзгерістер талқыланып қаржылық құжаттардың рәсімделу мен ұсынылуы кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамаларының талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі айтылды.

Семинар кеңестің негізгі мақсаты бюджет қаражатын мақсатты, негізді пайдалану үшін жағдай жасайтын нормалар мен талаптарды орындау және мемлекеттік қаржының неғұрлым ашық және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету болды.

Отырыс сәті
Отырыс сәті. Фото: Атырау облысы әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2176107-atyrau-oblysynda-biudzhet-qarazhatyn-igerude-sybailas-zhemqorlyq-tauekelderining-aldyn-alu-sharalaryn-arttyru-seminar-kenges-uiymdastyryldy/