Астанадан Семейге қатынайтын пойыздың үш вагоны жаңартылған (видео)
Опубликовано:

Көлік министрлігі "Астана-Семей" бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының вагондары жаңартылғанын мәлімдеді – үш жаңа вагон сатып алынған. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомство өкілдері Көлік министрлігі отандық вагондар паркін жаңартуды жүйелі түрде жалғастырып жатқанын хабарлады. Мәселен, "Астана - Семей" бағытында қатынайтын N121/122 жолаушылар пойызының құрамы жаңартылған.
Жеке тасымалдаушы үш жаңа жолаушылар вагонын сатып алған: екі плацкарт және бір купе.
"Вагондар ауаны баптау жүйесімен, био-дәретхана кешендерімен, USB коннекторы бар гаджеттерді зарядтауға арналған розеткалармен және т. б. жабдықталған", - делінген министрліктің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов сенат кулуарында ескі кеңестік вагондар қашан толық жаңартылатынын айтқан еді. Ол "2030 жылға қарай бізде орташа жасы шамамен 10-13 жылдық жаңа вагондар болатынын, қазақтандықтар ескі вагондар болғанын ұмытып та кететінін" алға тартқан.
Сондай-ақ Қазақстанда экономикалық жағдайға байланысты 1 қазаннан бастап пойыз билеттерінің тарифі көтерілді.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2179362-astanadan-semeige-qatynaityn-poiyzdyng-ush-vagony-zhangartylgan-video/