jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандағы әскери қызметкерлердің жалақысы қалай өседі: Қорғаныс министрлігі өкілі жауап берді

    Жауынгер
    Сарбаз. Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігінің ресми сайты

    Бүгін Мәжіліс алаңында қорғаныс министрінің орынбасары Қазақстанда алдағы жылдары әскери қызметкерлердің жалақысы қаншаға өсетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Сержанттар мен офицерлер лауазымындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің жалақысы өсті. Жалпы өсім үш жыл ішінде 60 пайызға жетті.

    Бұдан бөлек, қазір мүдделі мемлекеттік органдар әскери қызметшілерге арналған басқа да жеңілдіктерді әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде, бұл демалысқа бір рет тегін жол жүру, далалық шығу кезінде өтемақы төлеу, коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша жеңілдіктер мәселелеріне қатысты. Бұл мәселелер әлі де пысықталуда", - деді қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов.

    Мысал ретінде ол қазір әскери қызметкердің келісімшарт бойынша алатын ең аз сомасы 90 мың теңге екенін айтты.

    Еске салайық, наурыз айында Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскерилердің жалақысын қайта қарағалы жатқаны хабарланған болатын. Ол кезде бөлімшенің мәліметінше, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер орта есеппен 150 мың теңге жалақы алып, түрлі әлеуметтік төлемдер алған.

    Қазақстандағы әскери қызметкерлердің жалақысы қалай өседі: Қорғаныс министрлігі өкілі жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.