Қазақстанда IT-мамандар қанша табыс табады: цифрлық даму министрі жауап берді
Жарияланған күні:

Сенат отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы Қазақстандағы IT мамандарының алатын орташа жалақысын атады. Оның айтуынша, ол шамамен 600 мың теңгеге жетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"2023 жылы Қазақстанның IT-саласы қарқынды өсуді жалғастырып, жұмысқа орналасу үшін ең тартымды салалардың біріне айналды. IT-компаниялардың саны 17 922-ге жетті, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 11 пайызға өсті. Бұл секторға деген қызығушылықтың артуын және оның белсенді дамуын көрсетеді.
IT мамандарының орташа айлық жалақысы 588 мың теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға артық. Бұл білікті кадрларға деген жоғары сұраныс пен бәсекеге қабілетті жұмыс жағдайын көрсетеді", - деді Жаслан Мәдиев.
Ол Қазақстанда IT секторындағы жұмыспен қамту 12 пайызға өсіп, 187 мың адамға жеткенін айтты.
Айта кетейік, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова СҚО-да дәнекерлеушілердің жалақысы 600 мың теңге екенін, алайда мұндай жұмысқа адамдар бармайды деп айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2181300-qazaqstanda-it-mamandar-qansha-tabys-tabady-tsifrlyq-damu-ministri-zhauap-berdi/