jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан бюджет тапшылығына байланысты Азия банктерінен 105 миллиард иен қарыз алады

    Йен
    Йен. Көрнекі фото: Tatomm / iStock / Getty Images Plus

    Мәжілісте Қазақстан Республикасының экономикасын қолдау мақсатында Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі мен Азия даму банкінен 15 жылға берілетін несиелер туралы екі заң жобасы қаралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Депутат Татьяна Савельеваның мәлімдеуінше, Азия даму банкінен Қазақстан Республикасына 2027 жылдың 1 маусымына дейін жеңілдік кезеңін қоса алғанда, 15 жыл өтеу мерзімімен 52,3 млрд иен (167,3 млрд теңге) көлемінде несие беріліп отыр.

    Қазақстанға екінші несиені Азия инфрақұрылымдық инвестиция банкі 2027 жылдың 1 маусымына дейін жеңілдік кезеңін қоса алғанда 15 жыл өтеу мерзімімен 52,7 млрд иен (168,6 млрд теңге) көлемінде береді.

    "Несие қаражаты жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шегінде ел экономикасының тұрақтылығын сақтау үшін тартылады", - деді депутат.

    Еске салайық, бұған дейін қаржы сарапшылары Қазақстан қарыз болған елдердің тізімін жариялаған болатын. Осылайша, Нидерланды ірі кредиторлар қатарында – қарыз сомасы 42,6 миллиард АҚШ долларына тең. Екінші және үшінші орындарда Ұлыбритания (13,8 миллиард доллар) мен Ресей (14 миллиард доллар) тұр. Төртінші және бесінші орындарда АҚШ (11,3 миллиард доллар) мен Франция (11,2 миллиард доллар) тұр.

    Жалпы алғанда, мемлекеттік қарыз – заңды құбылыс, алаңдаушылық ол шекті деңгейге жеткенде ғана туындауы мүмкін. Наурызда Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Мәди Тәкиев Қазақстанның мемлекеттік қарызының көлемін айтты. Оның айтуынша, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 триллион теңге немесе ішкі жалпы өнімнің 22,8 пайызына тең болған.

    "Лимитте 33 пайыз бар. Ол қауіпсіз деп саналады", - деп түсіндірді министр.

    Қазақстан бюджет тапшылығына байланысты Азия банктерінен 105 миллиард иен қарыз алады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.