jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан интернеті ең арзан елдер тізіміне енді

    Ер адам ноутбукпен жұмыс істеп отыр
    Ноутбукпен жұмыс істеп отырған адам. Көрнекі фото: freepik.com

    Қазақстан ең төменгі құны 1 ГБ деректері бар елдер арасында 9-орынды иеленді. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Министрліктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан Money Super Market-тің Internet Accessibility Index рейтингінде ең төменгі құны 1 ГБ деректері бар елдер арасында 9-орынды иеленді.

    "Қазақстандағы интернеттің орташа бағасы 1 ГБ үшін небәрі 0,61 доллар", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

    Министрлік өкілдері әлемдік контексте Қазақстан бірқатар елден озып тұрғанын атап өтті. Оның ішінде:

    • Ресей – 0,69 доллар;
    • Түркия – 0 0,79 доллар;
    • Қытай – 0 0,90 доллар.

    "Жалпы Орталық Азия елдері интернеттің жоғары қолжетімділігін көрсетуде", - дейді мамандар.

    Қазақстан интернеті ең арзан елдер тізіміне енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.