jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Теңізшевройлда" мұнай өндіру көлемі азайды

    Мұнай өңдеу зауыты
    Мұнай өңдеу зауыты. Фото: t.me/kmgpress

    "Теңізшевройлда" техникалық жұмыстарға байланысты мұнай өндіру көлемі азайды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Энергетика министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, кәсіпорында мұнай өндіру көлемі 28-30 пайызға төмендеп, тәулігіне 61-63 мың тоннаны құрады.

    "Екінші буын зауытында (ЕБЗ) 400-орнатылымдағы E-401A қазандық-утилизаторына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндіріс көлемі ішінара тоқтатылды. Құрал-жабдықты тексеру барысында жергілікті коррозияға ұшыраған ақаулар анықталды", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

    Жөндеу жұмыстарының алдын ала аяқталу мерзімі – 2024 жылғы 23 қараша.

    Еске салсақ, бұған дейін Энергетика министрлігі 2024 жылғы 2 мамырда сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға алты ай мерзімге тыйым салған болатын.

    Ішкі нарықтағы сұйытылған мұнай газ тапшылығын шешу мақсатында жасалған шектеу тағы жарты жылға ұзартты.

    "Теңізшевройлда" мұнай өндіру көлемі азайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.