jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шымкентте мемлекеттік қызметтер 99 пайыз электронды түрде көрсетіледі

    кеңседе жұмыс
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Шымкентте мемлекеттік қызметтер 99 пайыз электронды түрде көрсетіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарабынан жалпы 13,3 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 99 пайызы (13 191 914 қызмет) электронды түрде, 1 пайызы (131 387 қызмет) қағаз түрінде ұсынылған.

    2024 жылдың 3-тоқсанының қорытындысы бойынша барлығы 10 712 667 қызмет көрсетілген. Оның ішінде 98,4 пайызы (10 545 355 қызмет) электронды түрде, 1,6 пайызы (167 312 қызмет) қағаз түрінде жасалған.

    Бүгінде қала аумағында жалпы 165 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оның 85 пайызы (140 қызмет) электронды форматта, 15 пайызы (25 қызмет) қағаз жүзінде жүргізіледі.

    Шымкентте мемлекеттік қызметтер 99 пайыз электронды түрде көрсетіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.