Қаржы

Зектілері

Қазақстан мен ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді қысқарту мерзімін 2026 жылдың соңына дейін ұзартты

Жарияланған күні:

Мұнай бұрғылау
Мұнай бұрғылау. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстан мен ОПЕК+ жеті елі мұнай өндіруді қысқарту мерзімін 2026 жылдың желтоқсанына дейін ұзартты. Бүл туралы Энергетика министрлігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Минстрлік ақпаратынша, 5 желтоқсанда Бірлескен Министрлік мониторинг комитетінің 57-ші отырысы және ОПЕК+ елдері министрлерінің 38-ші кездесуі өтті. Қазақстаннан Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов қатысты.

Отырысқа қатысушылар келісім негіздеріне бейілділігін растап, ОПЕК-ке қатысушы елдер мен ОПЕК-ке кірмейтін елдер үшін мұнай өндірудің жалпы деңгейін ОПЕК+ 35-ші министрлік кездесуінде қабылданған шешімдерге сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуға келіскен.

"Қатысушы елдер міндеттемелерді толық сақтаудың және артық орындалған көлемдерді өтеудің айрықша маңыздылығын растады", - делінген хабарда.

Одан бөлек 2023 жылғы сәуірде және 2023 жылғы қарашада қосымша ерікті қысқартулар туралы жариялаған 8 ел (Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман) ОПЕК+ елдерінің 38-ші министрлік кездесуі аясында бөлек басқосу өткізген.

"Кездесу мұнай нарықтарындағы тұрақтылық пен тепе-теңдікті сақтауға бағытталған ОПЕК+ елдерінің сақтық шараларын күшейту мақсатында өткізілді.

Жоғарыда аталған елдер 2023 жылдың сәуірінде жарияланған қосымша ерікті қысқартуларды тәулігіне 1,65 миллион баррельге 2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін ұзартуға шешім қабылдады.

Сонымен қатар осы елдер 2023 жылдың қарашасында жарияланған күніне 2,2 миллион баррельге қосымша ерікті қысқартуларын 2025 жылдың наурыз айының соңына дейін ұзартады, содан кейін нарықтық тұрақтылықты сақтау үшін 2026 жылдың қыркүйек айының соңына дейін ай сайын 2,2 миллион баррельге ерікті қысқартулар жойылады. Бұл ай сайынғы өсім нарық жағдайына байланысты тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін.

Өтемақы кезеңі 2026 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартылады", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2196843-qazaqstan-men-opek-elderi-munai-ondirudi-qysqartudy-2026-zhyldyng-songyna-deiin-uzartty/