Қаржы

Зектілері

Алматының қай аудандарында жалақы көбірек төленеді

Жарияланған күні:

Жалақы
Жалақы алған ер адам. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда орташа атаулы жалақы 471 264 теңгеге жетті, бірақ бұл көрсеткіш қаланың әртүрлі аудандарында айтарлықтай өзгереді. Ең жоғары және ең төменгі жалақы арасындағы айырмашылық екі есеге жуық. Бұл туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Орташа атаулы жалақы – жұмысшылардың жұмысы үшін инфляция мен сатып алу қабілетін ескермегендегі алатын орташа табысы.

Көрсеткіш экономикалық процестерді бағалауға және халықтың табысы деңгейін зерттеуге пайдаланылады. Қазақстан бойынша орташа атаулы жалақы 2024 жылдың үшінші тоқсанында 390 328 теңгеден аспай, екінші тоқсанмен салыстырғанда 3,2 пайызға төмендеді.

"ТАЛДАУ" ақпараттық-сараптамалық жүйесінің мәліметінше, Алматы қаласында орташа атаулы жалақы 471 264 теңгеге жетті. Дегенмен аудандар бойынша айтарлықтай айырмашылық байқалады.

Ең жоғары орташа жалақы:

  • Медеу ауданы – 563 322 теңге.
  • Бостандық ауданы – 535 357 теңге.

Алайда шаһардың басқа аудандарында орташа жалақы 500 мың теңгеден аспаған. Бұл көрсеткішке бәрінен де Түрксіб пен Алмалы аудандары жақын: орташа есеппен сәйкесінше 421 324 теңге және 487 623 теңге.

Ең төменгі орташа табыс Алматының Наурызбай ауданында белгіленді – бір қызметкерге 307 130 теңге.

Алатау және Әуезов аудандарында жағдай сәл жақсырақ көрінді: сәйкесінше 313 160 теңге және 322 754 теңге. Ал Жетісу ауданы орта есеппен бір қызметкерге 364 634 теңге көрсеткішпен тізімнің дәл ортасында тұр.

Осылайша, халқы ең көп мегаполистегі жұмысшылардың жалақысы қала аумағына байланысты екі есеге жуық өзгеруі мүмкін. Ал ең жоғары орташа жалақы Медеу ауданының тұрғындарына тиесілі – 563 322 теңге.

Бұған дейін 2024 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы орташа жалақы 382 279 теңгеге жеткенін хабарлаған болатынбыз. Үш айда ол 2,9 пайызға төмендеді. Өңірлер бөлінісінде ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау (604 052 теңге), Маңғыстау (571 403 теңге) облыстарында және Ұлытауда (501 624 теңге) тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2196920-almatynyng-qai-audandarynda-eng-kop-zhalaqy-tolenedi/