jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    793 млн теңге: Шымкентте тозығы жеткен су қоймалары жөнделетін болды

    Шымкенттегі су қоймасы
    Шымкенттегі су қоймасы. Видеодан кадр: otyrar.kz

    Шымкент аумағындағы әбден тозығы жеткен су қоймалары жөнделетін болды. Себебі осыдан жарты ғасыр бұрын соғылған Ақжар гидротехникалық нысаны қазіргі таңда ағын суды өз мүмкіндігінен 40 пайызға аз жинайды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, бүгінде арнаның айналасын қамыс басып, табаны саз балшыққа толып қалған. Салдарынан маңындағы каналдарға су жетпейді. Осыған орай нысанды қайта жаңғырту құрылысына 793 млн теңге қарастырылмақ.

    Ұзындығы 660 метр болатын тоған тазартылып, арнасы темір бетонмен бекітіледі. Ал оның айналасы қоршалып, жарық пен дабыл сиренасы қойылады.

    Осы ретте қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының өкілдері аймақтағы Текесу қоймасын талдап-тексеруден өткізгенін айтты.

    793 млн теңге: Шымкентте тозығы жеткен су қоймалары жөнделетін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.