jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысының әкімі жалақысына қатысты сұраққа жауап берді

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев
    Марат Сұлтанғазиев. Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Астанада жыл қорытындысына арналған брифингте жалақысына қатысты сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Журналистер ашық мәліметтерде Сұлтанғазиевтің айлығы 2 млн 414 мың теңге деп көрсетілгенін, ал Алматы облысында орташа жалақы, статистикалық мәліметке сай, 454 мың теңге екенін атап өтті.

    БАҚ өкілдері премьер-министр мен оның орынбасарлары шамамен 2,5 млн теңге алатынына, ал Сұлтанғазиевтің өңірдегі әріптестерінің орташа жалақысы 1,7 млн теңге екеніне назар аударды.

    Сол себепті, журналистер осы өңірдегі шенеуніктер не себепті басқа да өңірлерге қарағанда көп жалақы алатынын сұрады.

    "Мемлекет қызметкерлері, саяси және әкімшілік қызметкерлерінің жалақысы бәріне бірдей. Айлық жұмыс өтіліне, атқарған қызметіне қарай түрленеді. Бұл ретте, жұмыс ауқымы мен ауырлығы да ескеріледі. Сол себепті мұндай айтарлықтай айырмашылық болмауы керек. Соған қарағанда, айлық аудару мен алу арасында бір қателік бар болса керек", - деп түсіндірді Марат Сұлтанғазиев.

    Алматы облысының әкімі Астанадағы осы брифингте Талғарда ұйымдасқан қылмыстық топ бар ма деген сауалға жауап берген.

    Сонымен бірге Марат Сұлтанғазиев жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне қатысты пікір білдірген.

    Алматы облысының әкімі жалақысына қатысты сұраққа жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.