Қаржы

Зектілері

"Ең үлкен жұмбақтардың бірі": Малайзия 10 жыл бұрын жоғалған жолаушы ұшағын іздеуді қайта жалғастырады

Жарияланған күні:

Малайзия жолаушы ұшағының жоғалғанына 10 жыл
Малайзия жолаушы ұшағының жоғалғанына 10 жыл. Фото: Supian Ahmad/NurPhoto via Getty Images

Малайзия көлік министрі осыдан он жыл бұрын жоғалып кеткен жолаушы ұшағын іздеуді қайта жалғастыратынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2014 жылғы 8 наурызда Boeing 777 жолаушы ұшағы MH370 рейсін орындау үшін Куала-Лумпурдан Пекинге ұшып шыққан. Ұшақ бортында 227 жолаушы және экипаждың 12 мүшесі болған.

Іздестіру жұмыстары төрт жылға созылып, 2018 жылы тоқтаған. MH370 рейсіне шыққан ұшақтың жоғалуы авиация тарихындағы ең үлкен жұмбақтардың біріне айналды.

Көлік министрі Энтони Лоуктың хабарлауынша, барлау жұмыстарымен шұғылданатын Ocean Infinity компаниясы Үнді мұхитының оңтүстігінде жаңа бір ауданды тексеруді ұсынған. Лоук жоғалған ұшақ бөліктері осы ауданнан табылса, компания 70 млн доллар алады деп мәлімдеді.

"Жақын туыстарымыздың жағдайын ойлау – біздің міндетіміз. Ұшақ сынықтары табылып, марқұмдардың туыстарының жаны тынышталады деп үміттенемін", - дейді министр.

Малайзияда ұшақ апатының құрбандарын еске алды
Малайзияда ұшақ апатының құрбандарын еске алды. Фото: Adli Ghazali/Anadolu Agency/Getty Images

Жолаушы ұшағының қалдықтары Үнді мұхитының аралдарында, Африка жағалауларында табылған, алайда ұшақтың нақты қай жерге құлағаны әлі күнге дейін белгісіз.

Ұшақ бортында 150-ден аса қытай жолаушысы болған. Олардың туыстары Malaysia Airlines, Boeing, авиациялық қозғалтқыш өндіруші Rolls-Royce және Allianz сақтандыру тобынан, тағы басқа да компаниялардан өтемақы талап еткен.

2018 жылы Малайзия Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінде іздеу жұмыстарын жүргізу үшін Ocean Infinity компаниясын жалдап, ұшақ тапқан жағдайда 70 млн доллар төлеуге уәде берген. Компания Малайзия, Австралия және Қытайда 120 шаршы километр ауданды тексеріп шығып, жоғалған ұшақты таба алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2202815-eng-ulken-zhumbaqtardyng-biri-malaiziia-10-zhyl-buryn-zhogalgan-zholaushy-ushagyn-izdeudi-qaita-zhalgastyrady/