Қаржы

Зектілері

Qazaq Air акцияларын вьетнамдықтар сатып алмақ: "Самұрық-Қазына" келіссөздер аяқталғанын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Qazaq Air ұшағы
Qazaq Air ұшағы. Көрнекі фото: flyqazaq.com

Мәжілістегі үкімет сағатында Qazaq Air әуе компаниясының акцияларын вьетнамдық инвесторларға сату бойынша негізгі келіссөздердің аяқталғаны хабарланды. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалында.

"Вьетнамдық Sovico компаниясымен Qazaq Air акцияларын сату шарттарын анықтау бойынша негізгі келіссөздер аяқталды. 20 желтоқсан күні экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен негізгі шарттар мақұлданды. Жыл соңына дейін "Самұрық-Қазына" қорының директорлар кеңесі мен үкіметтен бұл мәміле бойынша оң шешім күтеміз", - деді "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Елжас Отыншиев.

Ол вьетнамдық инвесторға қойылған негізгі екі талапты атап өтті:

  • 38,4 миллиард теңге көлеміндегі несиені 2044 жылдың соңына дейін өтеуді қамтамасыз ету.
  • Бес жыл ішінде Boeing немесе Airbus ұшақтарының 20 данасын сатып алу.

Алайда инвестор бұл мерзімді екі жылға ұзарту мүмкіндігіне ие.

"Sovico компаниясы бұл талаптарды орындау үшін кепілдік беруге дайын. Бұл келісім азаматтық авиацияның дамуына, сондай-ақ логистика, туризм және сауда сияқты салаларға оң әсер етеді деп күтілуде. Оның ішінде қосымша халықаралық рейстерді ашу арқылы жаңа мүмкіндіктер пайда болады", - деп толықтырды Отыншиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2203607-qazaq-air-aktsiialaryn-vetnamdyqtar-satyp-almaq-samuryq-qazyna-kelissozder-aiaqtalganyn-malimdedi/