jitsu gif
Қаржы

    Bek Air ұшағы апаты: тергеуді қайта бастау мәселесі қаралып жатыр

    Bek air ұшағы апаты
    Bek air ұшағы апаты. Оқиға орнынан фото: ТЖМ

    Мәжіліс кулуарында көлік министрі Марат Қарабаев Bek Air ұшағының апатына қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Марат Қарабаев журналистердің сұрағына жауап бере отырып, бұл факт бойынша тергеу аяқталғанын атап өтті.

    "Қазір әуекомпанияның бір қызметкерінің өтініші бар, соған сәйкес тергеуді қайта бастау мәселесі процессуалды түрде қаралып жатыр", - деді ол.

    Еске сала кетсек, Bek Air әуе компаниясының ұшағы 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы әуежайының маңында апатқа ұшырған еді. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты.

    Кейін қазақстандықтар Bek Air әуе компаниясынан орындалмаған рейстер үшін 34 миллион теңге өндіріп алды. Мемлекет басшысы 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.