jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте 30 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

    Ер адам ноутбукпен жұмыс істеп отыр
    Ноутбукпен жұмыс істеп отырған адам. Көрнекі фото: freepik.com

    Биыл қалада жұмыспен қамту шаралары жоғары деңгейде жүзеге асырылды. Жоспар бойынша 30 207 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделсе, 11 айда нақты 28 813 адам қатысып, жоспар 94,4 пайызға орындалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

    ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, қысқа мерзімді кәсіптік білім беру бойынша 3 732 адамды оқыту жоспарланған. Нәтижесінде 3 376 адам оқуға жолданды, бұл 90,5 пайызды құрайды.

    Олардың ішінде 92 адам кәсіби біліктілікті тану (ваучер оқуы) бағдарламасына, 157 адам жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік оқытуға, 513 адам тұрғын білім беру ұйымдарында кәсіптік оқыту бағдарламасына қатысса, 2 706 тұрғын портал арқылы онлайн-оқыту бағдарламасын таңдаған.

    Кәсіпкерлікті дамыту бағытында 4 176 адамға кәсіпкерлік қолдау көрсету жоспарланған болатын. Нақты 3 777 адамға қолдау көрсетілді. Олардың арасында 3 349 адам "Бастау Бизнес" жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға тартылса, 428 қала тұрғынына қайтарымсыз грант берілді.

    Субсидияланатын жұмыс орындарына 7 019 адам тартылды. Олардың ішінде 170 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, 2 311 жас маман "Жастар практикасы" бағдарламасына, 2 453 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыстарға, 1 274 адам "Алғашқы жұмыс орындарының жобасына", 20 жас маман "Ұрпақтар келісім шарты" жобасына, 791 адам "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасты.

    Жалпы 14 846 адамды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру жоспарланған болатын. Нәтижесінде 14 641 адам тұрақты жұмысқа орналасып, жоспар 98,6 пайызға орындалды. 12 ай қорытындысы бойынша жұмыспен қамту шаралары бойынша барлық көрсеткіш 100 пайыз орындалады.

    Шымкентте 30 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.