145 кг сиыр еті не 747 дана жұмыртқа: Қазақстанда орташа жалақыға не сатып алуға болады
Жарияланған күні:

Қазақстанда 390 328 теңге орташа жалақы орташа есеппен 145 кг сиыр немесе 263 кг құс етіне жетеді. Ел тұрғындарының сатып алу қабілеті туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
2024 жылдың алғашқы 9 айында еліміздегі орташа атаулы жалақы 391 713 теңгеге жетті. Бұл – Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында Ресейден кейінгі ең жоғары көрсеткіш.
Дегенмен нақты жалақы өсімі небәрі 2,9 пайыз болып, ЕАЭО елдеріндегі ең төмен көрсеткіштердің біріне айналды. Кейбір экономикалық салаларда жалақы инфляциядан баяу өсіп, ел тұрғындарының сатып алу қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтырды.
Соған қарамастан, қазақстандықтардың кейбір басқа елдердің азаматтарына қарағанда қалтасы қалың. Мысалы, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) мәліметі бойынша, 2024 жылдың үшінші тоқсанында тіркелген бір орташа жалақыға (390 328 теңге) Қазақстанда бірден 145 кг сиыр етін сатып алуға болады.

Бұл көрсеткіш бойынша ел Армениядан (76 келі) және Қырғызстаннан (60 келі) озып кетті, бірақ Ресейден (147 келі) сәл төмен болса, Беларусьтен (200 келі) айтарлықтай артта қалды.
Алайда жалақының балық өнімдерге қатынасы бойынша Қазақстан абсолютті көшбасшы. Бір орташа жалақыға ел тұрғыны бірден 275 кг тірі немесе салқындатылған балық сатып ала алады. Біздегі көрсеткіш ЕАЭО-ның кез келген басқа елдерімен салыстырғанда артық: Ресейде (263), Беларусьте (226), Арменияда (100) және Қырғызстанда (97).
Құс етіне келер болсақ, мұнда да Қазақстан 263 кг көрсеткішпен "үштікке" кірді – Армения (177) мен Қырғызстаннан (102) көп, бірақ Ресей (389) мен Беларусьтен (365) аз.
Ұқсас жағдай басқа да өнімдерге қатысты есептеулерде байқалады. Қазақстанда бір жалақыға бөлек 747 дана жұмыртқа (2-орын), 77 кг қатты ірімшік (4-орын), 981 литр сүт (3-орын) немесе 133 кг пісірілген шұжық (3-орын) сатып алуға болады.
Қазақстандықтар жалақысы жоғары сапалы бидай ұнынан жасалған нанды сатып алу бойынша көш бастап тұр – 1 009 кг (2 мыңнан астам бөлке). Кейбір көкөністерге келгенде де жағдай шамалас. Бір жалақыға бөлек 2293 кг картоп, 3435 кг пияз немесе 2328 кг сәбіз сатып алуға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2204073-qazaqstanda-ortasha-zhalaqy-nege-zhetedi/