jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    24 млрд теңге жұмсалған: Шымкент әуежайының жаңа терминалы ашылды

    Шымкент әуежайы
    Шымкент әуежайы. Фото: t.me/ shymkentgov

    Шымкент әуежайының жаңа терминалы ашылды. Шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен "SCAT әуекомпаниясы" АҚ президенті Владимир Денисов қатысты. Ресми іс-шаралар шеңберінде терминал залдарын аралау, "Астана – Шымкент" бағытындағы алғашқы рейсті қарсы алу шаралары ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

    "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік инфрақұрылымын дамытудың стратегиялық мәні айрықша екенін атап өткен болатын. Жаңа терминал қаланың экономикасына өз үлесін қосып, транзиттік әлеуетімізді күшейтеді", - деді қала әкімі ашылу салтанатында.

    Мегаполис басшысы жобаға еңбек сіңірген азаматтарға алғысын білдірді. Ауданы 40 мың шаршы метрді құрайтын заманауи кешен сағатына 2000 жолаушыға қызмет көрсете алады. Жобаға 24 млрд теңге қаржы жұмсалды. Соның арқасында барлық халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи, жайлы және технологиялық инфрақұрылым нысаны бой көтерді.

    Бұл жолаушылар ағыны мен ұшу географиясын арттыруға және 700 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтарына заманауи талапқа сай қолайлы, жылдам қызмет көрсетіледі.

    Алғашқы кезеңде терминалда SCAT әуекомпаниясының күндізгі ішкі рейстері ұйымдастырылады. Жақын арада Air Astana және Fly Arystan әуекомпанияларының рейстері де осы терминалға ауыстырылады.

    Сондай-ақ халықаралық әуетасымалдаушылармен тарифтік саясат және ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілуде. Ал халықаралық сектор мен транзиттік аймақты ашу келесі жылдың басына жоспарланған.

    24 млрд теңге жұмсалған: Шымкент әуежайының жаңа терминалы ашылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.