Түркістан бағытындағы әуе рейстерінің саны артады
Опубликовано:

Қаңтарда Түркістан бағытындағы әуе рейстеріне тағы үш бағыт қосылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Көлік министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, QAZAQ AIR әуекомпаниясы әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында 4 қаңтардан бастап Қостанай – Түркістан бағыты бойынша және 13 қаңтардан бастап Қарағанды – Түркістан бағыты бойынша Түркістанға екі субсидияланатын әуе рейстерін іске қосты.
Сондай-ақ 13 қаңтардан бастап Астанадан Түркістанға әуе сапарларын бастау жоспарланған.
Қостанай – Түркістан
Рейстер аптасына 2 рет дүйсенбі және сенбі күндері орындалады:
- IQ 361 Қостанай (15: 00) – Түркістан (17:20)
- IQ 362 Түркістан (17:50) – Қостанай (20: 00).
Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуе рейстерінің құны бір бағытта 31 мың теңге болмақ.
Қарағанды – Түркістан
Рейстер аптасына 2 рет орындалады:
Дүйсенбі күндері:
- IQ 441 Түркістан (09:50) – Қарағанды (11:40)
- IQ 442 Қарағанды (12:20) – Түркістан (14: 00)
Сәрсенбі күні:
IQ 441 Түркістан (12:10) – Қарағанды (14: 00)
IQ 442 Қарағанды (14:40) – Түркістан (16:40).
Субсидияланатын әуе рейстерінің құны бір бағытта 20 мың теңге болмақ.
Астана – Түркістан
Рейстер аптасына 2 рет орындалады:
Дүйсенбі күндері:
- IQ 369 Астана (07:05) – Түркістан (09: 05)
- IQ 370 Түркістан (14:40) – Астана (16:55)
Сәрсенбі күні:
- IQ 369 Астана (09:50) – Түркістан (11:40)
- IQ 370 Түркістан (17:20) – Астана (19:20).
Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуерейстерінде 14 жасқа дейінгі балаларға әуекомпания 50 пайыз көлеміндегі жеңілдік ұсынылатыны хабарланды.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2209536-turkistan-bagytyndagy-aue-reisterining-sany-artady/