jitsu gif
Қаржы

    "Бағаны төмендетіп қана қоймай, сапалы қызмет көрсетуіне тура келмек": Tele2 қатарлық холдингке сатылды

    Бағдат Мусин. Фото
    Бағдат Мусин. Фото: instagram.com/bagdatmussin

    Еліміздегі ірі мобильді операторлардың бірі Tel2 қатарлық холдингке сатылды. Бұл туралы "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мусин өзінің Telegram-арнасында бүгін "Қазақтелеком" АҚ Tele2 брендімен жұмыс істеп отырған "Мобайл Телеком-Сервис" компаниясындағы 100% үлесін Катардың Power International Holding холдингіне сату бойынша мәмілені аяқтағанын хабарлады. Басқарма төрағасының сөзінше, бұл телекоммуникация саласындағы монополияны болдырмау мақсатында 2022 жылдан бастап қолға алынған шара.

    "Power International Holding холдингі ірі халықаралық ойыншы ретінде Қазақстанның телекоммуникация саласын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін. Осындай нағыз бәсекелестік жағдайында операторларға бағаны төмендетіп қана қоймай, сапалы қызмет көрсетуіне тура келмек. Мұндай ашықтық тәсілі нарықта инновацияларға жол ашып, тұтынушылық тәжірибесін жақсартатынын басқа елдерден көруге болады.

    Біз ашық және бәсекеге қабілетті нарыққа бет алдық, бұдан тұтынушылар мен бизнестің ұтары көп екені сөзсіз", - деді ол.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.