Қаржы

Зектілері

18,8 пайыз: Қазақстанның қай қалаларында қылмыс көп жасалған

Жарияланған күні:

әйелдің сөмкесін тартып алмақшы болып жатқан ер адам
Тонау. Иллюстрациялық фото: Peter Dazeley / Getty Images

Бас прокуратура 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы қылмыстық жағдай туралы мәлімет берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, жалпы қылмыстың 5,3 пайызға (140 272-ден 132 778-ге) төмендеуінің оң динамикасы байқалады.

Бұл ретте өсу Маңғыстау облысында 12,2 пайызға (3097-ден 3474-ке), Атырау облысында 8,5 пайызға (4283-тен 4647-ге), Павлодар облысында 5,6 пайызға (5039-дан 5322-ге), Қызылорда облысында 4,6 пайызға (2871-ден 3003-ке), Ұлытау облысында 2,8 пайызға (1278-ден 1314-ке), Алматы облысында 1,6 пайызға (10223-тен 10385-ке) және Ақмола облысында 0,7 пайызға (5084-тен 5120-ға) дейін байқалған.

"Ең көп қылмыс Алматы – 24 965 (18,8 пайыз) және Астана қалаларында – 17 339 (13,1 пайыз), Алматы – 10 385 (7,8 пайыз) және Қарағанды – 7 562 (5,7 пайыз) облыстарында жасалған", - делінген хабарламада.

Ал қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санының 34 пайызын алаяқтық, 23 пайызын ұрлық, 6,3 пайызын есірткі қылмысы, 1,2 пайызын тонау, 1,2 пайызын бұзақылық, 0,8 пайызын мал ұрлығы, 0,4 пайызын адам өлтіру, 0,3 пайызын зорлау, 32,7 пайызын басқа құқық бұзушылықтар құрап отыр.

Сондай-ақ аса ауыр емес қылмыстар 7,6 пайызға (21 826-дан 20 178-ге), ауырлығы орташа қылмыстар 16,8 пайызға (58 874-тен 48 992-ге) және ауыр қылмыстар 2,2 пайызға (37 548-ден 36736-ға) төмендегені байқалған.

Бұдан бөлек, ұрлық 28,3 пайызға (42 639-дан 30 593-ке), оның ішінде ұялы телефон ұрлығы 30,9 пайызға (10 530-дан 7 273-ке), пәтер ұрлығы 33,5 пайызға (3 566-дан 237-ге), көлік ұрлығы 42,2 пайыза (258-ден 149-ға), мал ұрлығы 30,9 пайызға (1520-дан 1 051-ге) азайған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2213181-18-8-paiyz-qazaqstannyng-qai-qalalarynda-qylmys-kop-zhasalgan/