Қаржы

Зектілері

10 мың теңгеден басталады: Қазақстанда биыл қандай ішкі әуе рейстерімен қолжетімді бағада ұшуға болады

Жарияланған күні:

Ұшақ салоны
Көрнекі фото: piqsels.com

Көлік министрлігі 2025 жылы Қазақстанның қалалары арасында қолжетімді бағамен саяхаттауға мүмкіндік беретін ішкі рейстер туралы ақпарат берді. Субсидияланатын рейстерді орындайтын әуе компаниялары конкурс нәтижесіне сәйкес анықталған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Көлік министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл отандық әуе компаниялары 24 әлеуметтік маңызы бар бағытты орындайды.

"Ел ішіндегі қалалар арасында әуе қатынасын одан әрі дамытып, жолаушылар сұранысын қанағаттандыру үшін 2025 жылы субсидияланатын әуе рейстерін орындайтын әуе компаниялары конкурс нәтижесіне сәйкес айқындалды. Субсидияланатын маршруттар ел тұрғындарына қолжетімді бағамен саяхаттауға мүмкіндік беріп қана қоймай, ішкі әуе нарығының дамуын қамтамасыз етпек", - дейді ведомство өкілдері.

Қазақстан ішіндегі әлеуметтік маңызы бар 24 бағытты үш әуе компаниясы - Scat, Qazaq air және "Южное небо" орындамақ.

Билеттің ең арзаны "Жезқазған-Қарағанды-Жезқазған" бағытына 10 мың теңгеден басталып, ең қымбаты - "Түркістан-Орал-Түркістан" рейсіне - 33 мың теңге болып бекітілген.

Билеттерді әуе компаниялардың ресми сайттарынан сатып алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2216895-10-myng-tenggeden-bastalady-qazaqstanda-biyl-qandai-ishki-aue-reisterimen-qolzhetimdi-bagada-ushuga-bolady/