Астанадағы LRT құрылысы: көлік министрі Ұлттық қордан қаражат тартылғанын растады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Үкіметтегі брифингте көлік министрі Марат Қарабаев Астанадағы LRT құрылысына Ұлттық қордан ақша тартылғанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Брифинг барысында журналистер Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалғанын сұрады. Сондай-ақ олар бұған дейін ұлттық экономика вице-министрі бұл мақсаттарға Ұлттық қордан 52,4 млрд теңге тартылғанын еске салып өтті.
"Иә, жобаны биыл аяқтау үшін қосымша қаражат бөлінді, өзіңіз айтқандай – 54 млрд теңге. Бірақ егжей-тегжейді әкімдіктен сұраған жөн.
Ұлттық экономика вице-министрі айтқан Ұлттық қордан қаражат тартылғаны туралы ақпаратты растаймын. Бұл LRT құрылысына бөлінген қаржының бір бөлігі", - деді Марат Қарабаев.
Еске сала кетейік, өткен аптада Астана әкімі LRT қыркүйек айында сынала бастайтынын айтқан.
Сондай-ақ бұған дейін Астанада LRT желісі станцияларының темірбетонды негізінің құрылысы толық аяқталғаны мәлім болды. Сол кезде 2025 жылы барлық станция құрылысы аяқталады деп хабарланды.
Астанада LRT депосының құрылысы да басталды. Нысан халықаралық әуежай ауданында орналасқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2217897-astanadagy-lrt-qurylysy-kolik-ministri-ulttyq-qordan-qarazhat-tartylganyn-rastady/