jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда құс өсірушілер қымбаттап бара жатқан жұмыртқа бағасын ұстап тұруға келісті

    Жұмыртқа. Көрнекі сурет
    Жұмыртқа. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Елімізде құс өсірушілер жұмыртқа бағасын ұстап тұруға келісті. Жауапты министрліктер мен Құс өсірушілер одағы күн санап қымбаттап бара жатқан өнімнің бағасын реттеу үшін арнайы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік ішінде жұмыртқа аса жиі тұтынылатын өнім. Меморандум шарты бойынша енді құс өсірушілер бұдан былай бірінші санаттағы жұмыртқаны фабрикадан бір данасын 55 теңгеден сатуға тиіс. Ал тауар сауда орнына түскенде үстеме 15 пайыздан аспауы керек.

    Бүгінде сауда орындарында жұмыртқаның бір данасы 100 теңгеге жеткен.

    "Меморандумның негізгі мақсаты — әлеуметтік маңызы бар тауарлардың негізгі бір бөлігі болып саналатын жұмыртқа бағасын негізсіз өсіруге жол бермеу. Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру. Өз тарапынан сауда желілері әлеуметтік маңызы бар азық‑түлік тауарларының қатарына жататын жұмыртқаға ретро бонус салмау және сауда үстемесін сақтау бойынша міндеттемелер алды", - дейді Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз хатшысы Тойгүл Жұбанисова.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Қазақстанда құс өсірушілер қымбаттап бара жатқан жұмыртқа бағасын ұстап тұруға келісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.