Елімізде жаңа пәтерлер құны тағы да шарықтады
Опубликовано:
Елімізде тұрғын үй нарығындағы баға тағы да өсті. Биыл маусымда жаңа пәтер құны өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 29 пайызға дейін қымбаттаған, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Жаңа пәтерлердің құны бір жылда 10 пайызға, екінші деңгейлі баспаналар 7 пайызға, ал жалға беру құны 9 пайызға қымбаттаған. Мамырда байқалған бағаның төмендеуі маусымда жалғаспады.
Маусымда баға ең көп өскен өңір – Павлодар. Мұнда жаңа тұрғын үйлер 29 пайызға қымбаттады. Алматы мен Шымкент те алғашқы үштікке енген. Екінші нарықта Ақтөбе көш бастап тұр – 18 пайыз өсім.
Орташа баға бойынша ең қымбат пәтерлер Алматыда – жаңа үйлердің шаршы метрі 647 мың теңгеден асады. Астанада – шамамен 594 мың.
Ең арзан баспана – Оралда. Ал жалға беру нарығында ең қымбат қала – тағы да Алматы. Бір шаршы метр – 5275 теңге. Астанада – 4966, ал ең қолжетімді жалдау – Таразда: шаршы метріне небәрі 2265 теңге.
- Қазақстанда жас отбасылар үшін баспаналы болудың жолы қандай
- Қазақстанда ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 1 қарашаға дейін өзгеріссіз қалатын болды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2265561-elimizde-zhanga-paterler-quny-tagy-da-sharyqtady/