jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қаржы вице-министрі ең төменгі жалақыны көтеруге қаражат қарастырылмағанын айтты

    ақша және калькулятор
    Ақша және калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Мәжіліс кулуарында Қаржы вице-министрі алдағы үш жылға арналған бюджет туралы заң жобасындағы ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Бүгін Мәжілісте 2026 жылға арналған бюджет талқыланып жатыр. Депутаттар қалай қабылдайтынын, әрине, нәтиже көрсетеді – олар дауыс береді. Алайда қазіргі бюджет жобасында ең төменгі жалақыны көтеруге қаражат қарастырылмаған", - деді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

    Айта кетейік, еліміздің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы заң жобасында ең төменгі жалақыны 85-тен 110 мың теңгеге дейін көтеру ұсынылып отыр.

    Еске сала кетейік, биыл жазда Қаржы министрі Мәди Тәкиев елімізде әзірге ең төменгі жалақыны өсіру туралы жоспар жоқ екенін айтқан еді.

    Қаржы вице-министрі ең төменгі жалақыны көтеруге қаражат қарастырылмағанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.