jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Мәжіліс депутаты: Қазақстанда 2028 жылдан бастап тағы бір "донор" өңір пайда болады

    рейтинг
    Рейтинг. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл елімізде 2028 жылдан бастап тағы бір "донор" өңір пайда болатынын айтты, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еркін Әбіл 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы қосымша баяндама жасаған.

    Мәжілісменнің айтуынша, 2028 жылдан бастап Маңғыстау облысы өндіруші сектор мен өнеркәсіптен түсетін салық түсімдерінің ұлғаюына байланысты "донор" өңір мәртебесін қалпына келтіреді, ал Павлодар облысы өзін-өзі қамтамасыз ететін өңірлердің қатарына кіретін болады.

    Осылайша, алдағы үш жылда елімізде 4 "донор" өңір және өзін өзі қамтамасыз ететін бір өңір болады.

    Сондай-ақ Еркін Әбіл заң жобасын талқылау барысында анықталған бірқатар проблемалық мәселеге тоқталған.

    Олар: өңірлердегі аяқталмаған жобаларға республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттың жетіспеушілігі, өңірлер арасындағы алшақтықтың қысқармауы, инфрақұрылым бойынша әкімдіктердің жалған дерек беруі. Осы мәселелерді шешу мақсатымен мәжіліс депутаттары өңірлерге бөлінетін субвенциялар көлемін 16,5 млрд теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылдаған.

    Мәжіліс депутаты: Қазақстанда 2028 жылдан бастап тағы бір "донор" өңір пайда болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.