jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Яндекс Такси 2025 жылғы такси сапарларының бағасы мен сұранысы туралы мәліметті бөлісті

    Яндекс Такси
    Фото: Яндекс Такси

    Яндекс Такси сервисінің мамандары 2025 жылғы сервис жұмысындағы такси сапарлары бағасының өзгеруіне қатысты негізгі көрсеткіштерді талдап шықты.

    Сервис ұсынған мәліметке сәйкес, елде такси сапарларына деген сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға артқан. Ал Яндекс Таксимен серіктестікте жұмыс істейтін жүргізушілер саны шамамен 5%-ға көбейген.

    2025 жылы барлық тарифтегі сапардың бір минуттық орташа бағасы 90 теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғары. Дегенмен аталған көрсеткіш елдегі инфляция деңгейінен төмен болып отыр: ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы қарашада жылдық инфляция 12,4%-ға тең болған.

    Яндекс Такси
    Фото: Яндекс Такси

    Мамандар жыл ішінде сапар бағасына ықпал еткен түрлі факторды келтіріп отыр. Мәселен, 2025 жылдың мамыры мен тамызы аралығында жүргізушілер қатары қыс мезгіліндегі ең жоғары көрсеткішпен салыстырғанда 20%-ға азайған, осының салдарынан баға өскен. Ал қараша айында Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде күн жылы болғандықтан, таксиге деген сұраныс азайды, сәйкесінше, баға да әдеттегіден төмен болды.

    Яндекс Такси мәліметтеріне сәйкес, сапар бағасын анықтайтын басты факторлардың бірі – сұраныс деңгейі және оның өзгеруі. Оған жыл мезгілі, ауа райы және басқа түрлі оқиға ықпал етеді.

    Сұраныс күрт өсіп, бос машиналар жеткіліксіз болғанда, алгоритм сапар бағасын уақытша көтереді. Бұл – жүргізушілерді желіге шығуға ынталандыру және такси сапарларына деген сұраныс санын азайту үшін жасалатын әрекет. Тапсырыс берген барлық адамды сапармен қамтамасыз ете алатын көлік саны жеткілікті болғанда, сәйкесінше, сапар бағасы да төмендейді.

    Яндекс Такси 2025 жылғы такси сапарларының бағасы мен сұранысы туралы мәліметті бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.